Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауы
Ашық конкурстық сатулар туралы мәліметтер (тендерлер, аукциондар), сараптамалар мен басқа да шаралар және оларды өткізу шарттары, сондай-ақ оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттары
» Шикі мұнайға экспорттық кедендік баж бойынша баспасөз хабарламасы
Новая страница 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 15
қарашасындағы № 1036 қаулысындағы соңғы өзгерістер күшіне кіргенде
экспортталатын шикі мұнайға экспорттық кедендік баж (ЭКБ) енгізіледі. ЭКБ
ставкасы бір тонна үшін 20 АҚШ доллар құрайды, бұл бұрын қолданыста болған
ставкаға қарағанда 5 есе төмен. Сонымен бірге, Ресей Федерациясында тонна үшін
ЭКБ ставкасы 292 АҚШ долларын құрайтынын ескеру керек. Болжамдар бойынша
ағымдағы жылдың аяғына дейін бюджетке 60 млрд.теңгеге жуық қосымша түсімдер
күтіледі, ал 2011 жылы – 177 млрд.теңгеге дейін.
Мұнайға ЭКБ енгізілуі Қазақстанда жұмыс істейтін
мұнай өндіруші компаниялар үшін маңызды экономикалық ықпалын тигізбейді. Өйткені,
компаниялардың салық салу табыстарының төмендеуімен байланысты корпоративтік
табыс салығы бойынша төлемдер азайтылады және ЭКБ енгізуден жиынтық салықтық
жүктемесі 2,5-3 пайызға ғана ұлғаяды.
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
келісімшарттарды және міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімдер бөлінісі
туралы келісімдерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылармен салықтарды және
басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде
есептеуді қарастыратын жаңа Салық кодексі қолданысқа 2009 жылдың 1 қаңтарынан
енгізілді.
Бұл шара – жер қойнауын пайдаланушыларды қызметін
атқару кезінде Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдылықтарына ауысу бойынша
Үкіметтің мақсатты жұмысының басы.
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен «Қазақстан
Республикасындағы кедендік іс туралы» Кодекске ұлттық деңгейде реттеуге
мүмкіндік беретін кедендік одақтың Кедендік кодексінің нормаларын есепке ала
отырып, жер қойнауын пайдалану саласында ЭКБ қолдану мәселесі бойынша өзгерістер
енгізу ұсынылуда.