|
Новая страница 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Консультативтік органы отырысының
баспасөз-релизі
2010 жылғы 25 маусымда Консультативтік органның кезекті отырысы өтті.
Отырыстың барысында ДипИФР емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтерге кандидаттарды
«ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп» тәртібі бойынша емтихан тапсырудан босату; «Қаржы
инструменттері» ХҚЕС (IFRS) 9 қолдану; 3-деңгейдегі кандидаттарды даярлау үшін
алға жылжыған, орташа және бастауыш бағдарламалар мен модульдер әзірлеу
мәселелері, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін білім беру
жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мамандарды даярлауға байланысты
проблемалар қарастырылды. Отырыстың барысында сол сияқты Ғаламдық бәсекеге
қабілеттілік индексінің «Аудиттеу және есептілік стандарттарының дәрежесі»
индикаторының рейтингін жақсарту үшін қабылданатын шаралар туралы кәсіби
аудиторлық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
ДипИФР емтиханын (орыс.) тапсырған кәсіби бухгалтерге кандидаттарды
«ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп» тәртібі бойынша емтихан тапсырудан босату
мәселесі оң шешілді.
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Аудиттеу және есептілік
стандарттарының дәрежесі» индикаторының рейтингін жақсарту үшін қабылданатын
шаралар туралы мәселе бойынша «Аудиторлар алқасы» КАҰ және «Қазақстан
Республикасының аудиторлар палатасы» КАҰ ұсынған ақпарат назарға алынды.
Бұл ретте, кәсіби бухгалтерлік ұйымдарға:
а) аудиттеу және есептілік стандарттарын пайдалану жөніндегі өз қызметін кең
ақпараттық көрсету;
б) Қазақстанда аудиттеу және есептілік стандарттарын пайдалану деңгейіне және
алынған ақпаратты жариялауға қатысты өзінің мүшелеріне, бизнес бойынша, оның
ішінде шетелдік әріптестеріне сауалнама жүргізу;
в) Қазақстанда аудиттеу және есептілік стандарттарын пайдалану деңгейіне оң
имиджді құру жолымен Дүниежүзілік экономикалық форум Ғаламдық бәсекеге
қабілеттілік индексінің «Аудиттеу және есептілік стандарттарының дәрежесі»
индикаторының рейтингін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.
Жыл сайын 15 сәуірге дейін Қаржы министрлігіне Ғаламдық бәсекеге
қабілеттілік индексінің «Аудиттеу және есептілік стандарттарының дәрежесі»
индикаторының рейтингін жақсарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты
ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігінің өкілі кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдерімен АӨҚО
сауда алаңына «Аудиторлар алқасы» КАҰ және «Қазақстан Республикасының аудиторлар
палатасы» КАҰ өкілдері жариялаған аудиторлық ұйымдарды жіберу туралы мәселелерді
талқылауға дайын екендігін білдірді.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына «Қаржылық есептiлiктiң
халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе)
Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде
немесе орыс тiлiнде жариялаған» деген сөздерді алып тастау бөлігінде өзгерістер
енгізу туралы ұсыныс қабылданбайды, өйткені ХҚЕС-ті қолдану заңдылығы ресми
жарияланумен бекітілуі тиіс.
Бұрын «Қаржы инструменттері» ХҚЕС (IFRS) 9 қолдану проблемаларын шешу
үшін Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаментіне кәсіби
ұйымдармен бірлесіп, ХҚЕС-тің соңғы нұсқасын мемлекеттік және орыс тілдеріне
аудару және ресми жариялау жөніндегі барлық шараларды қабылдау қажет.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесіне
«Бухгалтерлік есеп пен аудит» мамандығын енгізу, сондай-ақ «Аудиторлық»
мамандығын Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін
білім беру мамандықтарының мемлекеттік тізіліміне енгізу сияқты жоғары және
жоғары оқу орындарынан кейін білім беру жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудит
саласында мамандарды даярлауға байланысты айтылған ұсыныстар назарға алынды.
3-деңгейдегі кандидаттарды даярлау үшін алға жылжыған, орташа және
бастауыш бағдарламалар мен модульдер әзірлеу мәселесі бойынша бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарға («қаржы жүйесі органдарының мамандарын
даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» ЖШС, «SoulSista
Expert» ЖШС, «АӨҚО академиясы» АҚ) қолданыстағы оқыту сағаттары қысқартылуы
мүмкін кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды анықтау үшін критерийлерді әзірлеу
және негіздеу қажет.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының аудиторына кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі білікті комиссия берген аудитордың біліктілік куәлігінің
болуы кәсіби бухгалтер сертификатын беру үшін негіз болып танылады деп шешілді.
|