|
ЕуроАзиялық Экономикалық Қауымдастығының
Дағдарысқа қарсы қоры Секретариатына қатысушы мемлекеттерден ЕврАзЭҚ-ның
Дағдарысқа қарсы қоры қаржысынан қаржылық кредит беру ережесі мен ЕврАзЭҚ-ның
Дағдарысқа қарсы қоры қаржысынан инвестициялық қаржыландыру ережесіне сәйкес
өтініштер түсуде
Қорды құру мақсат – қаржы дағдарысының салдарымен
күресу, ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету және Қорға қатысушы мемлекеттердің экономикаларының ықпалдасуын
тереңдету.
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Санкт-Петербургте
өткен ЕврАзЭҚ ДҚҚ Кеңесінің отырысында Тәжікістан Республикасына бюджет
тапшылығын қаржыландыру үшін 70 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржылық кредит беру
туралы шешім қабылданды.
70 млн. АҚШ доллары
мөлшеріндегі кредит Тәжікістан Республикасына жылдық 1%
тұрақтандырылған ставка бойынша
5 жылдық
жеңілдік кезеңді қоса алғанда 20 жылға қарызды өтеу мерзімімен беріледі.
Кредит біржолғы транш түрінде бөлінетін болады.
Қор
қаржысын Басқарушы ЕАДБ-нің қорытындысы бойынша Тәжікістан Республикасының
Өтініші Қордың қызмет мақсаттарына сай және
ЕврАзЭҚ-ның Дағдарысқа қарсы қоры қаржысынан қаржылық кредит
беру ережесінің талаптарына сәйкес рәсімделген. Тәжікістан қаржылық кредиттерді
берудің міндетті шарттарын орындады: Қорға жарна төленді, Тәжікістан
Республикасының Қор алдында міндеттемелері жоқ, қатысушы мемлекеттер алдында
сыртқы борышын өтеу бойынша тәртіптелінбеген міндеттемелері жоқ.
ТР Үкіметімен Дағдарысқа қарсы мемлекеттік
бағдарлама және Мемлекеттік қаржыларды басқару стратегиясы қабылданған, олардың
негізінде ЕврАзЭҚ-ның ДҚҚ-ның
қаржылық кредиті шеңберінде орындау үшін реформалар матрицасы дайындалған.
Кредит қаржысы
бюджеттік шығындарды
денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау сфераларында,
сонымен қатар, мемлекеттік
қаржыларды басқару және мемлекеттік қызмет саласында нақтылы реформаларды
дағдарысқа дейінгі нақты шығындардан төмен болмайтын деңгейде қолдауға мүмкіндік
береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ақпарат қызметі
|