|
Новая страница 1
Пресс-релиз
2010 жылдың 31 мамырында Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінде «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің
Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан
Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз
келісіміне қол қою өтті
2009 жылдың қазан айы мен 2010 жылдың
наурыз айлар аралығында Дүниежүзілік Банк мамандары және ведомствоаралық жұмыс
тобымен (ҚР ҚМ,ҚР ЭБЖМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҰБ, ҚҚА өкілдері) бірлесіп ұсынылған
қарыз мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін негіздей отырып, Бағдарламалық құжатты
дайындауда орасан жұмыс жүргізді.
Үстіміздегі жылдың 25 мамырында
Дүниежүзілік Банктің Орындаушы директорлар кеңесі Банктің «Халықаралық Қайта
Құру және Даму Банкінің Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит»
бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасына қарыз беруді мақұлдады.
Қарыз қаражаты экономикалық қайта
құрудың ағымдағы бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Банк қарызды Қазақстан Республикасына
келесі шарттар бойынша береді:
- қарыз көлемі – 1 млрд. АҚШ доллары;
- қарыз мерзімі – қарыздың негізгі
көлемін өтеу бойынша үшжылдық жеңілдікті қоса алғанда 25 жыл;
-
сыйақы ставкасы
– ЛИБОР + құбылмалы спрэд;
-
бір жолғы төленетін комиссия
– қарыз көлемінің
0,25пайызы.
Қарыз қаржысы Қарыз туралы келісім
күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш ретінде бөлінетін болады.
Тартылатын қарызға қызмет көрсету және
өтеу Қазақстан Республикасының заңдарымен кезекті қаржы жылына арналған
республикалық бюджетте қарастырылған қаржы есебінен Қарыз туралы келісімдегі
қаржылық шарттарға сәйкес ҚР Қаржы министрлігімен іске асырылады.
|